Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Ведомство басшысы Серік Шәпкеновтің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы «Қазагроөнеркәсіп» республикалық тресінің техникалық қызметкері болып бастаған.
Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.
2013-2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы.
2017 жылдан 2021 жыл аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.