​ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен сайлаушылармен кездесу үшін Ақтөбеге барды

0
314

Алғашында Ақтөбе рельс-арқалық зауытының қызметкерлерімен кездесті.


​ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен сайлаушылармен кездесу үшін Ақтөбеге барды

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен сайлаушылармен кездесу үшін Ақтөбеге барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алғашында Ақтөбе рельс-арқалық зауытының қызметкерлерімен кездесті.

Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды тұғырнамасының мақсат-мүдделерімен таныстырды. Тиісінше ұсынылған барлық реформалар республиканың әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға және оның құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталғанын жеткізді.кездесу барысында, әйелдердің зейнеткерлік жасының төмендеуі, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты қызметкерлердің ерте зейнетке шығуы, жалақының ашық және айқын есебі жайлы тақырыптар қозғалды.

Кандидат сөз барысындаГермания елін мысал етіп, ол жақта ең төменгі жалақыны мемлекет емес, жұмыс берушілер қауымдастығы мен кәсіподақтар анықтайтынын айтты.

«Германияда екі негізгі құжат бар-тарифтік келісім және жеке еңбек шарты. Бірінші құжатта еңбек жағдайлары мен ең төменгі табыс мөлшері көрсетілген. Бұл келісім мемлекеттік органдарға бекітуге жіберіледі. Елдегі экономикалық жағдайға байланысты екі құжат, жалақыны кезең-кезеңімен ұлғайту жағына қарай қайта қаралады. Яғни, бұл әлеуметтік әріптестіктің жақсы үлгісі, онда жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өзара келісіп, мемлекетпен тең дәрежеде маңызды экономикалық шешімдер қабылдайды», - деп атап өтті кандидат.

М. Қажыкен біздің елімізде ЕТЖ есептеу әдістері кәсіподақтармен келісіліп, заңмен бекітілуге тиіс екенін де қоса кетті.

Зауыт қызметкерлері тұрғын үй, білім беру, медицина, қорғаныс, банк жүйесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты көптеген сұрақтар қойды. Кәсіпорын қызметкерлерінің бірі кандидаттан «сайлауда жеңіске жетсеңіз, министрлік өкілдерін ауыстыруды жоспарлап отырсыз ба?», деп сұрады.

«Мен жалғыз емес, командамен бірге жүремін. Сайлауға түсу немесе түспеу туралы талқылаған кезде біз 50-ден астам адам болдық. Ал қазір саны артты. Қазірдің өзінде министр бола алатын сенімді адамдар бар. Бірақ бұл ретте мемлекеттік аппараттағы артыққызметтерді қысқарту керек деп санаймын. Мысалы, мен премьер-Министрдің қажеттілігін көре алмаймын. Кез-келген мәселені шешуге міндеттеме алатын президент бар. Ол мұны орындауы керек және премьердің мұны істеуін күтпеуі керек. Министрлік кабинеті де жеткілікті», - деп түйіндеді кандидат.

Кездесу қорытындысы бойынша ол зауыт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасына қызығушылық танытып, қойған сұрақтары үшін алғысын білдірді.

Анықтама үшін:

АРАЗ 2016 жылы, құрылыс басталғаннан үш жыл өткен соң пайдалануға берілді. Кәсіпорын металл конструкцияларына арналған ұзын өлшемді рельстермен қатар басқа да өнімдер шығарады. Өндіріс көлемі-жылына 200 мың тоннадан астам рельс. Зауыт өз өнімдерін Қазақстан нарығына және бірқатар жақын шетелдерге жеткізеді.

Зауыттың құрамына бүкіл кәсіпорынды электр қуатымен қамтамасыз ететін газ поршенді электр станциясы да кіреді.