Күн суытады: Синоптиктер алдағы үш тәулікке болжам жасады

0
479

Алдағы үш күнде елдің батысында күн ыстық болады.


Күн суытады: Синоптиктер алдағы үш тәулікке болжам жасады

"Қазгидромет" синоптиктері 22-24 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде елдің батысында күн ыстық болады.

"Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон жырасы әсер етеді, онымен найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады.

Солтүстікте, шығыста және орталықта температура түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстікте түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады", - делінген синоптиктер мәліметінде.