Ел аумағында қатты жауын-шашын болып, ауа температурасының жоғарылауы байқалады.
"Қазгидромет" синоптиктері 4-6 ақпанға арналған үш күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, ылғал мен жылу қоры мол Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады.
"Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел бойынша температуралық фон көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.