Күн жылынады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы шықты

0
2 273

Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, қар жауады.


Күн жылынады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы шықты

"Қазгидромет" синоптиктері 9-11 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер ететін болады.

Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы оң көрсеткіштерге дейін көтеріледі.

Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, қар жауады.

Оңтүстікте жауын-шашын жауады.

Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.