Ел арасында Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы мен оның айналасы бақылады деген сыбыс бар.
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қытаймен шекарадағы кеденде көптеген заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Ел арасында Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы мен оның айналасы бақылады деген сыбыс бар. Сіздердің тарапыңыздан қандай да бір тексеріс жүргізіліп жатыр ма?", - деп сұрады журналистер мәжіліс кулуарында Жамаубаевтан.
"Былтыр президент кеден саласында тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Осыған байланысты бас прокуратура, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген тексеріс барысында көптеген заңбұзушылық анықталды. Жұмыс тобы құрылды. Барлық анықталған факті құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бюджет заңбұзғандар тарапымен дер кезінде төленбеген сомамен толықты", - деді министр.