Cоңғы 6 жылда Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болып, 7 мың 700 отбасы баспаналы болды.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында тұрмысы төмен отбасыларына сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 18 тұрғын үй салынып жатыр. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарына 3 жарым миллиард теңге бөлінген, деп жазады 24.kz.
666 пәтерлі арендалық үйлер облыс орталығынан бөлек Қазалы және Шиелі аудандарында бой көтереді. Жалпы соңғы 6 жылда Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болып, 7 мың 700 отбасы баспаналы болды. Тағы қандай жетістіктерді атап өтесіз?
Қамбар Бекенов, тілші:
- Бұл ретте әрине жанын шүберекке түйіп, апатты жағдайдағы үйлерді паналап келген 7 жүздей тұрғынның мәселесі толық шешілгенін атап өтуге тиіспіз. Сонымен қатар соңғы 3 жылда қызылордалықтарға 25 мыңнан астам жеке тұрғын үй телімдері берілді. Өткен жылы облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 70 тұрғын үйдің құрылысы басталып, жыл қорытындысымен оның 56-сы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің сол жағалауында 830 пәтерді құрайтын 17 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Алғашқы 4 үйге тұрғындар бірінші жартыжылдықта қоныстанады деп жоспарланып отыр.
Қамбар Бекенов, тілші:
- Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру 7-20-25 бағдарламасы және өңірлік «Орда» жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Осы ретте үй алудың шарттары жөнінде сала маманы айтып береді. Аталған жол картасының тиімділігі неде?
Қамбар Бекенов, тілші:
- Республика бойынша ең арзан баспана қызылордалықтарға ұсынылып отыр. Сырдарияның сол жағалауында салынған тұрғын үйлердің шаршы метрі 120 мың теңге шамасында. Жаңа үйлердің жалпы құны 15 млн теңгеден аспайды. Бұл ретте бастапқы жарна көлемі жергілікті әкімдік тарапынан субсидияланады.