Қызылордада балалар орталығында жарылыс болды (видео)

0
494

​Төтенше жағдай салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, ағаш сарай қирады.


Қызылордада балалар орталығында жарылыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында газ жарылды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 19 шілде 07:20-да Алтынсарин, 64 көшесінде болды.

Құтқарушылардың мәліметінше, "Пумба" балалар ойын-сауық орталығының екі қабатты ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жалын бірінші қабатты шарпып, ол түгелдей өртеніп кетті.

Тілсіз жау 07:44-те ауыздықталып, 08:15-те сөндірілді.

Жарылыс салдарынан ағаш сарай қирап, көрші үйдің терезелері сынды.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке табиғи газдың шығуы себеп болған", - деп нақтылады ТЖД.

Оқиға орнына 42 өрт сөндіруші және 11 техника, жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 1 техника аттанды.