Маңғыстауда құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болды

0
1 134

Жалпы аумағы 300 шаршы метр болатын құрылыс аумағында газ жарылып, салынып жатқан нысан бұзылған. Зардап шеккендер бар.


Маңғыстауда құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Маңғыстауда құрылысы жүріп жатқан үйде жарылыс болып, екі адам зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

Зардап шеккендердің бірі, 20 жастағы жігіт ауруханаға түсті, оның жағдайы ауыр, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Оқиға 6 қазанда таң ата сағат 09-00-дер шамасында Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында болған. Онда жалпы аумағы 300 шаршы метр болатын құрылыс аумағында газ жарылып, салынып жатқан нысан бұзылған.

Зардап шеккендердің біреуін, 20 жастағы жігітті Бейнеу аудандық ауруханасына жедел жәрдем қызметі жеткізген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен екінші азамат, 44 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатымен және өзге де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ оның миы шайқалғандығы анықталды.

Болған жайдың мән-жайы анықталуда.