Маңғыстаудағы ауылда жаңа туған сәбидің денесі табылды

0
852

Нәрестенің денесін Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғындары тапқан, сот-медициналық сараптама белгіленді.


Маңғыстаудағы ауылда жаңа туған сәбидің денесі табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының полицейлері сәби денесінің табылу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Полицияға нәрестенің денесі табылғаны туралы Атамекен ауылының тұрғындары хабар берген, деп жазады sputniknews.kz.

Ақпарат Мұнайлы ауданы полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 3 мамыр кешке түскен.

"Оқиға орнына полиция департаментінің жедел тергеу тобы аттанды. Қазіргі таңда сәбидің анасын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тергеу аясында сот-медициналық сараптама белгіленді. Оның қорытындысы бойынша нәрестенің неден көз жұмғаны анықталады.