Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

0
2 432

Марат Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.


Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Марат Оразаев министрлік аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҒЗИ-да экономист болып бастаған.

1993 жылдан 1999 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.

1999 жылдан 2008 жыл аралығында — ҚР АШМ Қаржы департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің, Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2008-2011 жж. — ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2011-2013 жж. — ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, инспекторы.

2013-2015 ж. — ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР АШМ жауапты хатшысы қызметін атқарды.