"Мас" депутат туралы видео авторы өз әрекеті үшін кешірім сұрады

0
2 370

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Мәжіліс депутаты ретінде тіркеуге ұсынылған "Ақжол" партиясының депутаты Қазыбек Иса түсірілген.


ERNUR.KZ. "Мас" депутатты видеоға түсіріп алған ер адам жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметінің өкілдері айтты.

Ролик авторының сөзінше, ол "бұл видеоны қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірмеген".

"Біріншіден кешегі Қазыбек Исаға байланысты тараған видеоға қатысты ең бірінші халықтан кешірім сұраймын. Яғни қарапайым адамдар, әсіресе үлкен ағаларымыз менің істеген ісімді дұрыс емес деп баға беріп отыр. Демек мен ресми түрде олардың пікірімен санаса отырып бірінші кезекте халықтан және Қазыбек Иса ағамыздың өзінен кешірім сұраймын. Шыны керек, Қазыбек аға, сіз халықтың өте жоғары сеніміне ие екенсіз. Ендеше Парламентте нәтижелі жұмыс істеп, елге айна болыңыз дегім келеді.
Екіншіден, ескерту, бұл видеоны мен қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірген жоқпын. Өзім түсіргенімді мойындаймын.
Үшіншіден, менің кешірімімді сіз қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба, Қазыбек аға, ол өз еркіңізде. Дегенмен егер қабылдамасаңыз заңда көрсетілген жазаны ер азамат ретінде мойныммен көтеруге дайынмын", - деді ер адам.

Еске салайық, бүгін Желіде "мас" депутаттың видеосы таралып, оған "Ақ жол" партиясы өкілдері пікір білдірген болатын.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Мәжіліс депутаты ретінде тіркеуге ұсынылған "Ақжол" партиясының депутаты Қазыбек Иса түсірілген.