Тарас Хитуов 1964 жылғы 4 ақпанда Маңғыстау облысында дүниеге келген.
ERNUR.KZ. VI сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов телеграм-каналында жазды.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені Тарас Хитуов 57 жасында қайтыс болды», - деп жазды ол.
Тарас Хитуов 1964 жылғы 4 ақпанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер - механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының аппаратура жабдығын жөндейтін слесары болып бастаған.
1988-1990 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының ауысым шебері, техникалық қадағалау бөлімінің жетекші инженері.
1990-1991 жж. - «Ақжол» ЖШС технологы, Ақтау қаласы.
1991-1993 жж. - «Маңғыстау» бизнес-орталығының менеджері, Маңғыстау қаласы.
2000-2001жж. - Павлодар мұнай-химия зауытының цех бастығының орынбасары, Павлодар қаласы.
2002-2003 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2003-2004 жж. - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.
2004-2008 жж. - Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы.
2008-2010 жж. - Маңғыстау облысының Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.
2010-2012 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның әлеуметтік саясат және персонал жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы.
2012-2012 жж. - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы.
2012-2015 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның кадр және әкімшілік мәселелері жөніндегі вице-президенті, Ақтау қаласы.
2015-2016 жж. - «Қаражанбасмұнай» АҚ аппаратының басшысы, Ақтау қаласы.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап 2020 жылдың желтоқсанына – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Соңғы қызметі - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» омбудсмені.
Отбасылы, үш баласы және немересі бар.