Мемлекет Air Astana мен Qazaq Air-ге қаржы салады

0
781

​Осылайша авиабилеттерді арзандату мәселесін шешпек.


Мемлекет Air Astana мен Qazaq Air-ге қаржы салады

ERNUR.KZ. Мемлекет Air Astana мен Qazaq Air-е қаржы салады. Осылайша авиабилеттерді арзандату мәселесін шешпек, деп жазады Today.kz.

"Авиабилеттердің қымбаттығы мәселесіндегі жағдайды түбегейлі өзгерту үшін үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп "Air Astana" және Qazaq Air" компанияларын қосымша капиталдандыру жоспарлануда. Бұл әуе кемелері паркін арттыру мақсатында жасалынып отыр", - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Альжанов.

Бұл ретте, ол нақты цифрларды атаған жоқ.

"Нақты цифрларды атай алмаймын. Жалпыұлттық жоспарда мерзімдер белгіленіп, нақты сомалар көрсетілетін болады", - деп түйді ол.