Мемлекет басшысы 25 қаңтарда «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады

0
768

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болады.


Мемлекет басшысы 25 қаңтарда «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады. Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды.

Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.
Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған", - деп жазады Берік Уәли.