Мемлекет басшысы 9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қояды

0
837

7 және 9 мамыр күндері өтетін іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және Отан үшін қаза тапқандардың ерлігін есте сақтап, тағзым етуге бағытталған.


Мемлекет басшысы 9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қояды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шараларға қатысады, деп жазады ҚазАқпарат.

«6 мамырда елордадағы «Қазақстан» концерт залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Онда Президент ардагер әскери қызметшілерді, қатардағы әскери қызметкерлерді, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Жеңіс күніне орай «Құрмет» мемориалды монумент алдына гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсету жоспарлануда», - деді Қазақстан Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі департамент басшысы, генерал-майор Серік Боранбаев.

Оның айтуынша, 7 және 9 мамыр күндері өтетін іс-шаралар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге және Отан үшін қаза тапқандардың ерлігін есте сақтап, тағзым етуге бағытталған.

«Сондай-ақ, Мемлекет басшысның қатысуымен 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді. Аталған дәстүр еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады», - деді ол.

Еске сала кетейік, биыл елімізде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай мерекелік парад өтпейді.