Мемлекет басшысы Алматы қаласына барды

0
471

Президент 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға қатысады


Мемлекет басшысы Алматы қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.