Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

0
572

​Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылардың шабуылына ұшыраған Алматыдағы «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығына барды.


Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

Президентке зардап шеккен кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштердің бәрі қарастырылып жатқаны туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір барлығы 1 236 өтініш қолдау тапқан. Жалпы 6,191 млрд теңге көмекке бөлінді. Сонымен қатар жуық арада шығын көлемі шамамен 20 миллиард теңге болатын тағы 170-ке жуық өтініш қаралатыны айтылды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет тарапынан шығыны өтелген жеке кәсіпкерлер қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Президент шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуден кейін нысандағы қалпына келтірілген сауда нүктелерін аралады.