Мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынатын болады

0
1 213

rimeminister.kz Тимур Сүлейменовтың айтуынша, салық саясатын іске асыру шаралары 2025 жылға дейін ЖІӨ түсетін салық түсімдерін 25%-ға дейін жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.


Мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынатын болады

фото: primeminister.kz

primeminister.kz Тимур Сүлейменовтың айтуынша, салық саясатын іске асыру шаралары 2025 жылға дейін ЖІӨ түсетін салық түсімдерін 25%-ға дейін жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан өзге, мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынатын болады. Аталған мәселені шешу үшін ҚР ҰЭМ 2018 жылдың соңына дейін Ұлттық қор тұжырымдамасына қарыз индикаторлары есебінен Үкіметтің ішкі қарызын алып тастау тұрғысынан өзгерістер енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді.
«Елдегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өндірісі мен экспорттық әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Инвестициялар және даму министрлігімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, осы бағытта мемлекеттік қолдаудың талдау шаралары жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша бәсекеге қабілетті экспорттық өнімдерді шығаратын «Ұлттық чемпиондар» санын көбейту үшін қызметтер алгоритмі мен шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар жасалады», — деді Тимур Сүлейменов.

Сондай-ақ жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалар аясында 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» үшінші бағытын іске асыруға тұрақты бақылау жүргізіледі.

Министрлік Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруды жалғастырады. Аталған бағытта іске асырылып жатқан жұмысты бағалау мақсатында биыл жалпы экономика, мемлекеттік бюджет пен бизнеске жекешелендіру әсерін есепке ала отырып талдау жасалатын болады.

«Биыл 1 қаңтардан бастап 4-ші деңгейдегі бюджеттер енгізілді. Бүгінгі таңда салық ауылдардың, кенттердің және халық саны 2000 адамнан асатын ауылдық округтердің бюджеттеріне түсіп жатыр», — деді Тимур Сүлейменов.