"Миллиард теңге жымқырды" деп айыпталған экс-депутатқа іздеу жарияланды

0
1 064

Туыстары оны іздестіру жұмыстарына бүкіл ақтаулықтардың жұмылғанын сұрануда. С.Кутепов туралы кез келген мәлімет оның туыстарын да, бұрынғы әріптестерін қызықтырады.


48 жастағы Ақтау қалалық мәслихатының экс-депутаты Сергей Кутепов 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп жазады ERNUR.KZ lada.kz-ке сілтеме жасап.

Туыстары оны іздестіру жұмыстарына бүкіл ақтаулықтардың жұмылуын сұрайды. С.Кутепов туралы кез келген мәлімет оның туыстарын да, бұрынғы әріптестерін қызықтырады. Сондықтан тәулік бойы байланысуға болатын. 8 701 5225449 немесе 102 телефондарына хабарласа аласыздар.

Сергей Кутеповтың ерекше белгілері:

  • Бойы 1,76 см,
  • Қысқа қою қара шашты,
  • Көзі көк,
  • Үстінде қоңыр түсті күртеше, тоқыма бас киім, жинсы шалбар, сұр түсті аяқ киім, оң қолында протезі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Халық банкі» басшысы лауазымын атқарып жүрген экс-депутатқа осы банктен миллиард теңге ұрлады деген айып тағылған болатын.