Ұсталған адамның әйелі күйеуінің Мәскеуден 8 шілдеде келгенін айтты.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ер адамның кім екенін анықтады, деп жазады tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат 2022 жылы 22 ақпанда Ресейге жұмыс істеуге кеткен, ол жерде қылмыс жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеген.
"Ресей Федерациясының қарулы күштері Украина аумағында жүргізген арнайы әскери операция фонында оны "Вагнер" өкілдері қабылдап, келісімшарт негізінде жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын әскери топтардың қатарына қосылды. Украина аумағында 2023 жылдың 1 тамызында ұсталып, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.
Ұсталған адамның әйелі күйеуінің Мәскеуден 8 шілдеде келгенін айтты.
Бұл Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін Қырғызстанда ұсталған екінші жағдай. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Украина аумағында соғыс қимылдарына қатысқан қырғызстандық Асқар Кубанычбек уулун ұстаған болатын. Ол 10 жылға сотталды. Ол Ресей азаматтығын беруді сұраған болатын.