​Мыңға жуық медбикенің жалақысы көтеріледі – Аманшаев

0
2 488

Жалақыны көбейту 588 учаскелік дәрігер мен 1000-ға жуық медбикеге қатысты.


​Мыңға жуық медбикенің жалақысы көтеріледі – Аманшаев

ERNUR.KZ. Медициналық жәрдемді дамыту мен медицина қызметкерлерінің өмірін жақсарту басты басымдықтардың бірі. Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Президент Жолдауын түсіндіру бойынша халықпен кездесті, деп жазады Baq.kz.

«Жалақыны көбейту 588 учаскелік дәрігер мен 1000-ға жуық медбикеге қатысты. Сонымен қатар, оларды жұмыстың жаңа әдісімен оқытуды 2019 жылдың соңына дейін 100 % жеткізу жоспарлануда. Бұл медициналық жәрдемнің сапасын жақсартып, асқынулардың және негізгі ауруларды госпитализациялаудың санын азайтады, сонымен бірге балалар мен жүкті әйелдердің патронажын сапалы етеді», - деді Ермек Аманшаев.

Бұдан бөлек, «Доктор у дома» МЖӘ шеңберінде «Жағалау», «Триумфальная арка», «Айнакөл», «Өндіріс» тұрғын алаптарынан, «Интернациональный» кентінен 5 емхана ашу жоспарланған.

«Бұл емханаға кезекке тұруды жеңілдетеді және де жалпы практикадағы дәрігерге қаралатын 1700-1800-ге дейін адамның жүктемесін төмендетіп, көрсетілетін қызметтің сапасын айтарлықтай жақсарта түседі», - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін жалпы практикалық дәрігерлік 48 жаңа учаске ашу жоспарланған. Сондай-ақ алғашқы медициналық санитарлық көмек азаматтарға қолжетімді бола түседі.