Солтүстік өңірлерде көктайғақ, тұман күтіледі.
"Қазгидромет" орталығы мамандары көктемнің алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа райы әлі де қарлы болады.
2-4 наурызда атлантикалық циклон Қазақстанға қар мен жаңбыр әкелетіні хабарланды. Сондай-ақ, солтүстік өңірлерде көктайғақ, тұман болады, жел күшейеді.