​Назарбаев кенже қызының бетінен сүйіп, мемлекеттік сыйлықпен марапаттады

0
1 443

Назарбаева өзі бас продюсер болған "Анаға апарар жол" толық метрлі көркем фильмі үшін марапатталды.


​Назарбаев кенже қызының бетінен сүйіп, мемлекеттік сыйлықпен марапаттады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болғандарды марапаттады, деп жазады sputniknews.kz.

Бүгін Ақордада өткен салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаев кіші қызы Әлия Назарбаеваны бетінен сүйіп, мемлекеттік сыйлықпен марапаттады. Назарбаева өзі бас продюсер болған "Анаға апарар жол" толық метрлі көркем фильмі үшін марапатталды.

Сондай-ақ мемлекеттік сыйлыққа фильмнің қоюшы режиссері Ақан Сатаев, сценарий авторы Тимур Жақсылықов, ана рөлін сомдаған Алтынай Нөгербек, Ілияс рөлін сомдаған Әділ Ахметов ие болды.

Бұған қоса "Абай" операсы үшін опера қойылымы тобының жетекшісі Төлеубек Әлпиев, "Абай" операсындағы Абай партиясын орындаушы Сүндет Байғожин, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акцонерлік қоғамының директоры Ғалым Ахмедьяров та мемлекеттік сыйлық иеленді.

Сонымен қатар, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов "Алқоңыр дүние" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін, ақын Ақұштап Бақтыгереева "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін, ақын Өтеген Оралбаев "Шуақты шақ" өлеңдер жинағы үшін марапатталды.