Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылдың қорытындысы шығарылып, алдағы уақыттың мақсат-міндеттері айқындалады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент өткен жылы экономиканың өсімі 4% процент, инфляцияның 7% төңірегінде болуы біз үшін жаңа белес екенін атап өтті.
"Сондықтан бұл жағынан үкіметтің жалпы жұмысына, әрбір үкімет мүшелерінің жұмысына оң бағамды бергенім дұрыс деп санаймын. Халық та солай ойлайтын шығар. Дегенмен әр уақытта жетістіктерімізді менменсіп отыра бермейміз. Алдымызда мақсаттар көп. Бағдарламалардың орындалуында кемшіліктер бар. Оны, әрине, айтатын боламыз. Бүгінгі отырыста өткен жылдың қорытындысын тағы да бір халыққа жария етіп, алдымызда тұрған міндеттерді анықтайтын боламыз", — деді мемлекет басшысы.