Аталған дерекке қатысты сот алды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында Нива мен локомотив қақтығысты, деп жазады Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 наурыз күні шамамен сағат 06:00 орын алған.
"Ақтөбе-Орынбор" тас жолындағы темір жол өткелінде SINOOIL мұнайбазасының маңында Chevrolet Niva маркалы автокөлік локомотивпен қақтығысқан. ЖКО нәтижесінде автокөлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы жарақат алған.
Аталған дерекке қатысты сот алды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.