Шығыс Қазақстан облысындағы сегіз елдімекенге су тасқыны қаупі төніп тұр

0
217

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты.


Шығыс Қазақстан облысындағы сегіз елдімекенге су тасқыны қаупі төніп тұр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында екі қала мен 11 ауданда орналасқан 72 су тасқыны қаупі бар елдімекен анықталған. Олардың 15-інде су басу қаупі жойылған, 49-ында қауіп барынша азайтылған. Тағы сегіз елдімекен қауіп аймағында қалып отыр, бұл жерлерде тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған, деп жазады Stan.kz.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты. Ол Өскеменде екі өзеніндегі гидротехникалық құрылыстарды, сонымен қатар осы өзеннен су айдап, су бұру арнасына жеткізетін және жақын маңдағы үйлерді су басудан қорғайтын 1А сорғы станциясын тексерді.

Содан кейін вице-премьер Зубовск ауылындағы жағалауды бекіту бөгетінің жай-күйін және Малевск ауылындағы Бұқтырма өзенінің гидробекетін қарап шықты.

Қанат Бозымбаев "Қазгидромет" қызметкерлеріне облыс әкімдігімен бірлесіп, бөгет құрылыстары жүргізілгенін ескере отырып, гидробекеттердің сыни деңгейлерін қайта есептеуді және түзетуді тапсырды. Барлық тиісті қызметке мамыр-маусым айларына болжанып отырған су тасқынының үшінші толқынына белсенді дайындықты дереу бастауды тапсырды.