Нұр-Сұлтанда алданып қалған 600-ге тарта үлескер баспаналы болады

0
1 729

Бұл туралы елорда әкімі мәлімдеді.


Нұр-Сұлтанда алданып қалған 600-ге тарта үлескер баспаналы болады

Елордадағы "Жағалау-3" ТК, 30-блоктың құрылысы сегіз жылдан кейін аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.


"Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның "сақалды" құрылыстарының бірі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға және т.б. тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр", - деп атап өтті Көлгінов.

Қала әкімі бұл тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден астам отбасы бар екенін атап өтті..

"Құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік. Түйткілді мәселелер көп болды: бұл үйдің қасбеті, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз желісі, электр энергиясы), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифтілер, құжаттардың толық тізбесінің болмауы, абаттандыру және т.б", - деп жазды астана әкімі.

Қазір проблеманың басым бөлігі шешілген, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыстары ғана қалыпты.