Нұр-Сұлтанда алты оқушы коронавирус жұқтырды

0
476

Індет жұқтырған балалармен байланысқандар тексерілді.


Нұр-Сұлтанда алты оқушы коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында мектепке барып жүрген оқушының бірі коронавируспен ауырып қалды, деп жазады Stan.kz.

Оқу жылының басынан бастап мектеп оқушылары арасында коронавируспен алты бала ауырды. Олардың ішінде бір жағдайда бала мектепке барып жүрген, ал қалған бес жағдай қашықтан оқыту кезінде болған. Осы бойынша балалармен байланысқандар тексерілді - барлығының нәтижелері теріс. Бұлардың бәрі 19 адам, олардың алтауы оқытушылар және 13-і оқушылар. Мектепте дезинфекция жүргізілді, балалар мен мұғалімдер үй карантинінде болды, қазір сабақ оқуға кірісті, - деп хабарлады Жанна Пірәлиева әкімдікте өткен брифингте.

Ол мектеп оқытушыларының арасында бүгінгі күні коронавирустық инфекция тіркелмегенін атап өтті.