Нұр-Сұлтанда бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

0
1 362

​Нұр-Сұлтанда дәстүрлі форматта білім алатын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтарды тоқтату туралы шешім ауа райына байланысты қабылданды.


Нұр-Сұлтанда бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.


"2020 жылдың 21 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады", - делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.


Қазгидрометтің хабарлауынша, күндіз елордада ауа температурасы минус 18 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, наурыз айынан бастап қазақстандық оқушылар қашықтан оқып жатыр, мектептерде кезекші сыныптар ашылды, оған ата-аналарының шешімі бойынша бастауыш сынып оқушылары бара алады.

Жексенбіде үшінші тоқсанда 9, 11, 12 сынып оқушылары үшін аралас білім беру қарастырылып отырғаны белгілі болды (пәндердің 70% - дәстүрлі форматта, 30% - қашықтан).