Қосшыдан елордаға баратын тас жолда 12 көлік соқтығысты.
ERNUR.KZ. Полиция жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес береді. Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 124 жол апаты тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.
"Биыл 23 наурызда сағат 14.30-да Қосшыдан елордаға баратын тас жолда 12 көлік соқтығысты. Жол апатына жүргізушілердің жылдамдықты сақтамауы себеп", - деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дәрігерлер зардап шеккен 3 адамды тексеріп, үйіне жіберді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жүргізушілерге жолда сақ болуға, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауға, көліктің тежегішін бірден баспауға, қашықтықты сақтауға кеңес береді.