Бала мұзға құлап, басын жарып алған.
ERNUR.KZ. Елордадағы травматология дәрігерлері бас ми шайқалу жарақатын алған балағ көмек беруден бас тартты. Анасының айтуынша, ұлдың есінен танып қалған. Мұзда сырғанап құлап, басын ұрған. Ал жақын маңдағы жедел жәрдем бөлмесінде дәрігерлер немқұрайлы қараған, деп жазады Stan.kz.
Жұмабаевтар отбасы көңіл көтеруге шыққан. Алайда баласы мұзға құлап, басын жарып алған. Жақын маңдағы медициналық мекеме оларға көмек көрсетпеген.
«Мен кіре сала олардан көмек сұрадым. Бірақ олар орындарынан қозғалмады. Баламның жасын сұрады. 14 жаста екенін, есінен танып қалғанын айттым. Бірақ сонда да көмектеспеді. Маған жақын маңдағы балалар ауруханасына баруымды айтты», - дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Гүлайым Жұмабаева.
Ақырында анасы балалар ауруханасына барған. Ол жердегілер баланың бас миы шайқалғанын айтып, бірден көмек көрсеткен. Ал бірінші барған жері травмотология бөлімшесі бар болған. Алайды олар баланы қараудан бас тартыпты.
«Ата-аналар бізге келгенде, біз баланың жарақатын алдымен тексеріп көреміз. Егер өмірге қауіп төндірмейтін жарақат юолса, онда қалалық балалар ауруханасына жібереміз. Бірақ бұл жағдайда жарақаттар, болған жоқ, сондықтан оған таңғыш бермедік», - дейді Травматология және ортопедия институтының жетекшісі Әділбек Жылқыбаев.
Денсаулық сақтау министрлігі травмотология бөлімінде балаға көмек көрсететін мамандардың тапшылығын айтты. Баланы ауруханаға жібермеуден бұрын оған алғашқы көмек көрсетілуі керек болған.
«Ересектер травматологиясы саласындағы медициналық маман тек ересектерге медициналық көмек көрсетеді. Қабылдау бөліміне хабарласқан кезде шұғыл медициналық көмек көрсетеді және ұсыныстарды ескере отырып, олар мамандандырылған медициналық ұйымға жіберіледі», - дейді ҚР медициналық көмек көрсету мекеме департаментінің эксперті Баян Божбанбаева.