Нұр-Сұлтанда полиция жұмысы күшейтіледі

0
1 012

Полицейлер карантин режимінің сақталауын қадағалайды.


Нұр-Сұлтанда полиция жұмысы күшейтіледі

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл 16-20 желтоқсанда қазақстандықтардың Тәуелсіздік күнін атап өтумен байланысты қолға алынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтанда жаяу наряд саны артып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шара қолға алынады.

"Қауіпсіздік үшін көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласы, әсіресе көңіл көтеретін орындар орналасқан аудандарда және адамдар көп жиналатын орындарда патрульдер болады. Көшелерде пабруль қызметінің нарядындағы мамандарды көбейтеміз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер карантин режимінің сақталауын қадағалайды.