Нұр-Сұлтанда және он облыста дабылды ескерту жарияланды

0
2 445

Синоптиктер өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, қар жауады, сондай-ақ жел күшейеді деп болжап отыр.


Нұр-Сұлтанда және он облыста дабылды ескерту жарияланды

4 ақпанда тұман, көктайғақ пен бұрқасын салдарынан Нұр-Сұлтан мен тағы 10 облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4-5 ақпанда Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтанда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс пен оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда 4-5 ақпанда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

4 ақпанда Атырау облысының кей жерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде қатты қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі. Кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс және батыстан екпіні секундына 25 метр болатын жел соғады. Өскеменде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыс және батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Семейде бұрқасын, көктайғақ күтіледі және 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман түседі.

4 ақпанда Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

4-5 ақпанда Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі.

Қостанайда қаласы мен Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтау мен Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодарда 4 ақпанда түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.