Нұр-Сұлтанда жолаушылар отырған автобус жол апатына ұшырады

0
1 808

Маршруттық автобустың бес жолаушысы мен Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.


Нұр-Сұлтанда жолаушылар отырған автобус жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда автобус пен Volkswagen Polo соқтығысып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында сағат 11.38-де 47 жастағы әйел Volkswagen Polo автокөлігін басқарып, Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүріп келе жатып, маршруттық автобуспен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан автобус жарық тірегіне соқтығысты. Ауруханаға маршруттық автобустың бес жолаушысы мен Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі жеткізіліп, дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Осы дерек бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.