Нұр-Сұлтанның тұрғын үй алаптарына газ тарату жұмыстары басталды

0
750

Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.


Нұр-Сұлтанның тұрғын үй алаптарына газ тарату жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан тұрғын алаптарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Магистральдық газ құбырының монтажы аяқталу сатысында. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында желілерді жүргізу барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс қарқынын төмендетпеу қажеттігін атап өтті. Железодорожный елді-мекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Сонымен бірге жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок тұрғын үй алаптарында жүргізіліп жатыр

Барлық жұмыстар – кестеге сәйкес.

Қаланың өнеркәсіптік секторы мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді: келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елді-мекендері газбен қамтылады.

Екінші кезеңде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ІКҚ), Тельман (3 ІКҚ), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ІКҚ) елді-мекендері қамтылады. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ІКҚ), Шұбар (3-ші ІКҚ), Өндіріс (4-ші ІКҚ) тұрғын үй алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі-2020-2023 ж.

Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.