​Облыстық аурухана өртенді

0
2 078

Өрт салдарынан 29 адам қауіпсіз жерге көшірілді.


​Облыстық аурухана өртенді

фото patrul.kz

Қостанайдағы облыстық ауруханада өрт тұтанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін 10:07-де Қостанай облыстық ауруханасының 8 қабатты ғимаратында өрт тұтанғаны туралы ақпарат келді. Алтыншы қабатта орналасқан нейрохирургия бөлімі меңгерушісінің кабинеті өртенген. Жалын 2 шаршы метрді шарпыған», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан 29 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, ешкім зардап шекпеген. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.