Оңтүстікте су тасқыны жүруі мүмкін

0
1 283

​Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да жаңбыр жауып, өзендер ернеуінен асуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысын ашқан Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Оңтүстікте су тасқыны жүруі мүмкін

Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да жаңбыр жауып, өзендер ернеуінен асуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысын ашқан Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, ауа райы өте құбылмалы болып отыр. Тек қана соңғы аптаның өзінде Астана қаласында, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай және басқа да облыстарда күн райы күрт бұзылып, бірнеше рет алдын ала ескерту жарияланды. Мәліметтер бойынша алдағы күндері Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын болады де күтілуде. Бүгінгі күні шығыста жаңбыр және таудан аққан су елді мекендерді басып қалды», - деді Үкімет басшысы. Осы ретте Бақытжан Сағынтаев өңірдегі жағдай бойынша және қабылданған шаралар туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке сөз берді. Ахметовтің айтуынша, шығыста биыл түскен жауын-шашын көлемі төмен болғанымен жер тоңы өткен жылмен салыстырғанда 2 есе қалың болып отыр. Бұған қоса, өзендерде қатқан мұздың қалыңдығы кей жерлерден 1 метрден асып жығылған. «Наурыздың 1-інен 25-іне дейінгі аралықта жауған жаңбыр қалыпты нормадан 3 есе артық болды. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша облыста үйлерді су басудың 481 фактісі тіркелді. Қазіргі кезде 175 үйде әлі су бар. 628 үй мен 110 саяжайдың ауласына су кірді. Осыған орай жоғары деңгейлі дайындық режімі Өскемен және Семей қаласында, Жарма, Зырян, Күршім, Қатонқарағай, Ұлан аудандарында енгізілді. Облыстың үш ауданында Аягөз, Глубокое, Шемонаихада табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды», - деді облыс басшысы.