​Оралда басқарма басшысының орынбасары өз кабинетінде асулы күйде табылды

0
1 373

Кәсіпкерлік басқармасы басшысы орынбасарының мәйіті қызметтік кабинеттен табылды.


​Оралда басқарма басшысының орынбасары өз кабинетінде асулы күйде табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтік кабинетінде өлі табылды, деп жазады "Мой город" порталына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Орал қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, БҚО кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының ғимаратында 5 наурыз күні сағат 21.00 шамасында кезекші бөлімге ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақырту келіп түсті.

- Кәсіпкерлік басқармасы басшысы орынбасарының мәйіті қызметтік кабинеттен табылды. Өлімнің себебі - механикалық асфиксия. Ешқандай хат жазба табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді Орал қалалық полиция басқармасы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде сот-медициналық сараптама жүргізген алдын ала тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмағаны белгілі болды.

30 жасар Хасен Тоясов Жәңгір хан атындағы жоғары оқу орнын бітірген. 2011 жылдан бастап кәсіпкерлік басқармасында бас маман, бөлім басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2018 жылдың қазан айында басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Басқарма қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты кәсіпкерлік басқармасының өзі де растады. Әріптестері оның жоғары кәсібилігі мен айрықша жауапкершілігін атап өтті.

- Хасен Тоясовтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтамыз. Ол өз ісіне адал, әріптестерінің арасында жоғары бедел мен құрметке ие еді. Біз үшін ол нағыз дос және әдемі адам болды. Оныңөмірден озуы оны білгендердің барлығы үшін орны толмас жоғалту, - деп атап өтті БҚО кәсіпкерлік басқармасының басшысы Арман Жалмағамбетов.