Оралда әйелі мен екі баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

0
926

Қайғылы оқиғаның нақты себеп-салдары әлі белгісіз.


Оралда әйелі мен екі баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. 8-9 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Ақтау ауылында қайғылы оқиға орын алды. Ер адам өз әйелі мен екі баласын өлтірген деген күдікке ілінді, деп жазады zakon.kz.

Шамамен түнгі сағат бірде ауылдың шетіндегі бір үй отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері үйден жас әйел мен екі баланың мәйіттерін тапты.

Уральская неделя басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиғадан кейінгі полиция 1986 жылы туған Серік Кафизовты өз отбасын өлтірді деген күдікпен іздестірде бастаған. 9 сәуірде таңертең оның қайда екендігі анықталып, ол қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, қамауға алу кезінде ол өзінің мойнын кеспек болған. Полиция оны аудандық ауруханаға жеткізді, оған медициналық көмек көрсетілді, сол күні кешке күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол мектеп кітапханашысы болып жұмыс істеген әйелін және оның 1 және 2 сынып та оқитын екі қызын өлтірді деп күдікке алынды. Күдікті жақында Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істеп келгені белгілі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: 99-бабы, 2-бөлігі - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру", сондай-ақ 202-бап, яғни "Адамның өліміне әкеп соққан бөтеннің мүлкін қасақана жою" бойынша тергеуді бастады.