Оралда көпір жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы өзенге құлап қайтыс болды

0
266

1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен.


Оралда көпір жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы өзенге құлап қайтыс болды

ERNUR.KZ. Орал қаласында Шаған өзенінен өтетін жаяу көпірді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде 47 жастағы ер адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жазатайым оқиға 6 тамыз күні болды.

«Абайсызда қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері, 1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі кезде мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлады.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жедел жәрдем станциясына сағат 15.29-да қоңырау шалынған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1977 жылғы ер адамның қайтыс болғанын нақтылады.

Аталмыш жаяу көпір биылғы су тасқыны кезінде қираған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын су тасқыны кезінде Оралдағы аспалы көпірде мұз кептелісі болғанын жазған едік.