Оралда көшеде қараусыз жүрген екі бүлдіршін ауруханаға жатқызылды

0
980

Жоғалған кезде балалардың ата-анасы үйде болмаған.


Оралда көшеде қараусыз жүрген екі бүлдіршін ауруханаға жатқызылды

ERNUR.KZ. Оралда көшеде табылған қос бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, балаларды дәрігер тексерді. Екеуінің де қызуы жоғарылаған, жөтеледі. Алдын ала мәлімет бойынша жіті бронхит диагнозы қойылған.

Бүгін сағат 10.00 шамасында Н.Савичев пен 8 наурыз көшелерінің қиылысында ересектердің қарауынсыз жол шетінде ойнап жүрген балалар жөнінде тұрғындар полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері балаларды Абай полиция бөліміне алып келді. Алайда, бүлдіршіндер сөйлемейді, олардың қайда тұратынын білу мүмкін емес болған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, жоғалған кезде балалардың ата-анасы үйде болмаған. Оларды қарауды анасының інісі мен сіңлісіне тапсырып кеткен. Кейін бүлдіршіндердің әкесі полиция бөліміне келді.