Оралда құлаған футбол қақпасының астында қалған 11 жастағы бала көз жұмды

0
561

Оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болған.


Оралда құлаған футбол қақпасының астында қалған 11 жастағы бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Оралда үстіне футбол қақпасы құлаған 11 жасар бала ауруханада көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болған.

"Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды", - деп хабарлады ведомстводан.