Оралда шағын автобус жиһаз цехының ғимаратына соғылды

0
1 135

Қазір оқыс оқиғаның жәй-жапсарын полиция анықтап жатыр.


Оралда шағын автобус жиһаз цехының ғимаратына соғылды

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға жаңа жыл қарсаңында болған, деп жазады 24.kz.

Ғимарат иесі кәсіпкер Біржан Қожақовтың айтуынша, соққы салдарынан дүкеннің қабырғасы қирап, іштегі кеңсе тауарлары мен жиһаз айтарлықтай бүлініпті. Ағаш сандықтар мен тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар балаларға арнап жасалған құрылғылар істен шықты.

Айта кету керек, өзі де арбаға таңылған кәсіпкер Біржан Қожақов өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол өзге ғимарат қажеттігін айтып, жерлестерінен көмек сұраған.

Ал ғимаратқа соғылған көліктің жүргізушісі жарақат бөліміне жеткізілді. Қазір оқыс оқиғаның жәй-жапсарын полиция анықтап жатыр.