Оралда туған баласын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

0
819

Қызы еркелеп, қыңыр мінез танытқан кезде анасы тұншықтырып өлтірген.


Оралда туған баласын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

ERNUR.KZ. Өзінің 5 жасар қызын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 36 жастағы Орал тұрғынының ақыл-есі дұрыс емес деп танылды. Әйел психиатриялық мекемеге емдеуге жіберілді. Мамандандырылған ауданаралық сот осындай шешім қабылдады, деп жазады sputniknews.kz.

Трагедия 2018 жылдың желтоқсан айында болған. Қыз еркелеп, қыңыр мінез танытқан кезде анасын тұншықтырып өлтірген.

"Қызына ашуланған әйел оны он минут бойы тұншықтырған. Қыз көз жұмды. Сотталушының анасы қызының ақыл-есінің кем екені 17 жасында байқала бастағанын айтады. Ол өз-өзімен сөйлесіп, себепсіз күле бастаған. Бірақ ешқашан емделмеген, есепте тұрмаған", - деді судья Бақыт Ермаханов.

Әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот үкіміне сәйкес еріксіз емдеуге жіберілді. Әйелдің анасы үкіммен келісіп отыр.