"Өздері пеш жаққан": ШҚО-да әпкелі-сіңлілі қыздар қайтыс болды

0
779

Таңертең аналары қыздардың ес-түссіз жатқанын көрген.


ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында әпкелі-сіңлілі екі мектеп оқушысы тұншықтырғыш газдан уланып, қайтыс болды. Құтқарушылардың сөзінше, олар үйде жалғыз болған, пешті өздері жаққан, деп жазады Тengrinews.kz.

Қайғылы оқиға болған күні 15 және 7 жастағы екі қыз Секисовка ауылындағы әпкелерінің үйінде қалған. Мектеп оқушылары пеш жағып, ұйықтап қалған. Таңертең аналары олардың ес-түссіз жатқанын көрген. Оқиға орнына келген дәрігерлер олардың қайтыс болғанын анықтаған.

"Оған жылыту пешінің мұржасында жабылып қалған жапқыш себеп болған. Қараусыз қалған қыздар өздері пеш жағып, қайтыс болды", - дейді Глубокое ауданының ТЖ басшысы Константин Боровиков.

Одан бөлек, көрші үй де өртеніп кете жаздаған. Пәтерде мүгедек әпкелі-сіңлілі қыздар отырған. Үйден шыққан қара түтінді олардың көршілері байқап қалған. Олар құтқарушыларды шақырып, оқиға орнына полицейлер келді.

"Үйден біреудің көмек сұрап жатқанын естіп, мүгедек арбасында отырған әйел адамды көріп, оны терезе арқылы шығарып алдық", - дейді ШҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Рустам Магадиев.