​Павлодар - Успен тас жолындағы апат салдарынан 22 адам зардап шекті

0
1 286

Оқиға орнына зардап шеккендерді көшіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және адамдарды іздеу үшін қаланың шұғыл қызметтері келіп жетті.


​Павлодар - Успен тас жолындағы апат салдарынан 22 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында «Қыс-2018» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары өткізілді, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығулардың негізгі тақырыбы – қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде жедел әрекет ету.

Жоспарға сәйкес Павлодар – Успен тас жолындағы Мойылды ауылы маңында көктайғақ салдарынан болған апатта жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысып қалады. Нәтижесінде 20 адам мен көліктердің екі жүргізушісі зардап шеккен. Нәтижесінде олар әртүрлі дене жарақатын алып, автобус жолдың жигіне шығып қарда тұрып қалған. Бұған қоса, Мойылды ауылына жаяу жетпек болған төрт жолаушы адасып кетеді.

- Оқиға орнына зардап шеккендерді көшіру, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және адамдарды іздеу үшін қаланың шұғыл қызметтері келіп жетті, - дейді департаментте.

– Құтқарушылар зардап шеккендерді жақын жылыту пунктіне жеткізіп, оларға медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар жылыту пунктінің қызметкерлері ыстық шай ұсынды.

Оқу-жаттығуларға ТЖД жедел-құтқару жасағы, өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі, апаттар медицина орталығы, полиция департаменті, «103», азаматтық қорғау қызметі, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Тәжірибелік арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға 14 техника мен 47 адам жұмылдырылды.

РКШОЖ өткізу шеңберінде Ресейдің шекаралас Омбы және Новосібір облыстары, Алтай өлкесімен скайп арқылы ақпаратты жедел кезекшілер арқылы жеткізу ұйымдастырылды.