Павлодар облысында 28 елдімекенді су басу қаупі бар

0
2 410

Биыл өңірдегі қардың қалыңдығы былтырғымен салыстырғанда 11 пайызға төмен болған.


Павлодар облысында 28 елдімекенді су басу қаупі бар

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов биыл өңірдегі қардың қалыңдығы былтырғымен салыстырғанда 11 пайызға төмен болғанын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Жыл сайын көктем айларында қар немесе Ертіс өзеніндегі мұздың еруімен облыс ауылдарын су басып қалатыны белгілі. Қазір 28 ауылды елдімекенді су басу қауіпі бар. Бірақ күзгі топырақтың ылғалдануы биылға қарағанда 10 пайызға артты. 2019-2020 жылдары Баянауыл ауданында ащы су өзенінің маңында 3 млрд теңгеге арнасын тазалау, бұрмалау жұмыстарын, дамбаларды көтеру жұмысы жүргізілді. Соның нәтижесінде сол маңдағы елді мекендерге судың жайылу қаупі төмендеді. Қазір қауіп төнуі ықтимал жерлерде жұмыстар жүргізілуде», - дейді Ернұр Өтегенов.

Оның айтуынша, былтыр Ақтоғай ауданының Шұға ауылында, Май ауданының Ақсарай ауылында «Жол картасы» шеңберінде қосымша бес дөңгелек құбыр салынып, судың жайылып кетуіне тосқауыл қойылған.