Павлодар облысында ауыл тұрғыны тікелей эфирде боқтағаны үшін жазаланды

0
458

Ол өз сөзінде әдепсіз сөздерді қолданды.


Павлодар облысында ауыл тұрғыны тікелей эфирде боқтағаны үшін жазаланды

ERNUR.KZ. 24 жастағы ауыл тұрғыны 30 мың теңгеден астап айыппұл төлейтін болды, деп жазады exk.kz.

Тикток желісінің мониторингі барысында Павлодар полицейлері Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу фактісін анықтады. Онда ол өз сөзінде әдепсіз сөздерді қолданды.

"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 24 жастағы бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, ауыл тұрғынына 10 АЕК айыппұл салынды", деді Павлодар ауданы ББ бастығы Дулат Төкенов.


Жыл басынан бері облыс полицейлері 140-қа жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті, онда азаматтар заңға немқұрайлы қарады, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзды.