Павлодар облысында екі жол апатынан 11 адам зардап шекті: бір адам мерт болды

0
669

Алғашқы жол апаты туралы дәрігерлерге түн ауған уақыттан кейін хабарлаған.


Павлодар облысында екі жол апатынан 11 адам зардап шекті: бір адам мерт болды
ERNUR.KZ. Павлодар облысының тас жолдарында болған екі жол апатында 11 адам зардап шекті, олардың біреуі қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Алғашқы жол апаты туралы дәрігерлерге түн ауған уақыттан кейін хабарлаған. Көктөбе ауылына кіре берісте екі көлік соқтығысқан. Алты минуттың ішінде жедел жәрдем қызметкерлері жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті. Өкінішке қарай, бір зардап шегуші – 54 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше алған жарақаттарынан көз жұмды.
Май аудандық ауруханасына 30 және 49 жастағы екі ер адам және 29, 32 және 46 жастағы үш әйел жеткізілді.
Ауруханаға жеткізілгеннен кейін екі ер адам санитарлық авиацияның мобильді бригадасының көмегімен Павлодарға жөнелтілді. Дәрігерлер науқастарды 1 қалалық ауруханаға жеткізді.
Байқоныс пен Қызылтаң ауылдарының арасында болған тағы бір жол апаты туралы хабарлама сағат 22:10-да түскен. Оқиға орнына Чернорецк пен Тереңкөлден екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді, олар оқиға орнына 12 минут ішінде жетті.
Автокөліктің жыраға түсіп кеткені анықталды. Зардап шеккен бес адамға медициналық көмек қажет болды.
Ауыр жарақат алған 36 жастағы әйел мен 38 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға, ал 4 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тағы екі адам – екі жасар қыз бен 34 жастағы ер адам Тереңкөл аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.